Телефон приемного:
+7(727) 226-55-02
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 226-72-77
Версия
для слабовидящих
Ұлыстың ұлы күнi.
24
апрель
2023
Ұлыстың ұлы күнi.
Ұлыстың ұлы күнi.Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады.Дәл осындай мерекелік көңіл күймен ӘМТБжҚО “Жастар үйі” тәрбиеленушілерінің қатысуымен 21.04.2023 ж мерекелік іс-шарамыз өтті. Іс-шарада тәрбиеленушілер мен қатар педагог-тәрбиешілеріміз де белсене қатысты. Шара барысында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту мақсатында “Бет ашар”, “Тұсау кесер” рәсімдерінен көрініс қойылды. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
07
март
2023
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні
ӘМТБжҚО “Жастар үйі ” тәрбиеленушілері шұғылалы көктемнің жарқын мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен мекемеміздің аруларын құттықтап меркелік кеш ұйымдастырып берді🌷💐
Жаңа жыл, жаңа жыр!!!
23
декабрь
2022
Жаңа жыл, жаңа жыр!!!
  Жаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай - қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!
Қыстың қызықтары
20
декабрь
2022
Қыстың қызықтары
20.12.22ж ӘМТБжҚО “Жастар үйі” жастары #халыкарена спорт кешені басшыларының қолдауымен #жаңа жылдық тарту ретінде #халыкарена мұз айдынына коньки теуіп қайтты.Шара барысында тәрбиеленушілердің көңіл-күйлері көтеріліп,демалып қайтты. Шара соңында тәрбиеленушілерге ыстық пицца мен сусындар берілді. Кешен басшыларына алғысымызды айтамыз.
“Тәуелсіздік-тұғырым”
14
декабрь
2022
“Тәуелсіздік-тұғырым”
Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілімен діні. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн. Мереке қарсаңында ӘМТБжҚО “Жастар үйі ”КММ акт залында “Тәуелсіздік-тұғырым” атты іс-шарасы өтті. Шара барысында тәрбиеленушілерге тарихымызды насихаттаған түрлі видео роликтер көрсетілді.Кеш соңы Отандық “Отыздан асып барамын” атты фильмі
№10 қалалық емхана мамандарымен “Денсаулық - зор байлық ”
01
декабрь
2022
№10 қалалық емхана мамандарымен “Денсаулық - зор байлық ”
ӘМТБжҚО “Жастар үйі”КММ және #10қалалықемхана мамандарымен “Ерте жүктілік алдын алу, жұқпалы аурулардан сақтану ” мақсатында бірлескен жұмыс барысында тәрбиеленуші түлектермен семинар кездесу өткізілді.Семинар кездесу барысында мамандар түрлі пайдалы ақпараттар айтып, жастардың сауалдарына жауап берді.
Татьяна Турлаймен “Мотивацияны қайдан алуға болады?”
30
ноябрь
2022
Татьяна Турлаймен “Мотивацияны қайдан алуға болады?”
30.11.2022ж #Жастарүйі акт залында белгілі блогер,актриса #Татьяна Турлаймен “Мотивацияны қайдан алуға болады?” атты жоспарланған кездесу өтті. Жастарға жұрт алдында еркін сөйлеу, дауыс ырғағын дұрыс қою туралы мастер класс өтті.
Республика күні (Қазақстан)
26
октябрь
2022
Республика күні (Қазақстан)
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Қазіргі таңда Егемендік алғанымызға 30жылдан асты, осы орайда арамызға 13жыл салып оралған Республика күні мерекесіне орай ӘМТБжҚО #Жастар үйі Комуналдық Мемлекеттік Мекемесінің түлектері #Шаңырақ қызмет көрсету орталығына мерекелік концерт бағдарламасымен барды.
“Ұстаз болу -жүректің батырлығы ”
04
октябрь
2022
“Ұстаз болу -жүректің батырлығы ”
Ұстаз болу-жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақындығы, Ұстаз болу-мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы-деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай,сөзі маржан,үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш ете отырып ӘМТБжҚО “Жастар үйі” КММ-нің тәрбиеленуші-түлектерінің “Ұстаз болу -жүректің батырлығы ” атты мерекелік іс-шарасынан үзінді.